ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР!

Жаналықтар

Бүгін колледжімізде ерекше әсерге, шаттық пен мақтаныш сезіміне толы диплом табыстау салтанатты рәсімі жоғары деңгейде өтті.

Салтанатты шараға құрметті қонағымыз – Астана қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Асима Темкенқызы, сондай-ақ әлеуметтік серіктестеріміз қатысып, жас мамандарға жүрекжарды тілектерін арнап, жарқын болашаққа ақ жол тіледі.

Мерекелік кештің көркін әсерлі концерттік бағдарлама айшықтап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл күн түлектеріміздің жадында өмір бойы сақталатын ерекше сәттердің біріне айналды.

Сонымен қатар, ата-аналар атынан айтылған шынайы алғыс сөздер ұстаздарға деген зор құрмет пен ризашылықтың айқын көрінісі болды.

Құрметті түлектер!

Бүгін қолдарыңызға алған диплом – білімге деген құштарлықтың, тынымсыз еңбектің, табандылық пен мақсаткерліктің жемісі. Алдағы өмір жолдарыңызда биік белестерді бағындырып, ел игілігіне қызмет ететін білікті де бәсекеге қабілетті маман атануларыңызға шын жүректен тілектеспіз!

Ақ жол, жас түлектер!

Болашақтарыңыз жарқын, армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын!