Жүрекке жылу сыйлаған қайырымдылық концерті

Жаналықтар

Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше әсерге толы, жүрекке жылы концерт өтті.

Мағжан Жұмабаев  Халықаралық жоғары колледжінің «Атамұра күй» ансамблі мен «Гүлдерай»  ансамблі өз өнерлерін ұсынып, орталық тәрбиеленушілеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсем әуен, ұлттық өнер мен шынайы эмоцияға толы бұл кездесу балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, ерекше атмосфера қалыптастырды.

Концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Балалардың жарқын жүздері мен шынайы қуанышы — біз үшін ең үлкен марапат болды ✨

Аталған іс-шара болашақ педагог мамандардың кәсіби қалыптасуына үлкен ықпал ететін тәжірибелік алаңға айналды. Сонымен қатар, бұл кездесу әлеуметтік серіктестік аясындағы ынтымақтастықты нығайтып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз қалады.

Осындай игі бастамалар арқылы біз қоғамға мейірім мен жылулық сыйлауды жалғастырамыз.