Қалалық колледждер арасында өткен Жайдарман сайысында біздің колледждің Жайдарман командасы тамаша өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды! 🏆
Команда мүшелері жоғары деңгейдегі әзілдерімен, сахналық шеберлігімен және ұйымшылдығымен көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді. Нәтижесінде команда ІІ дәрежелі Кубокпен және қаржылай сыйақымен марапатталды.
Команда мүшелерін және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да жаңа жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!


