«Сауатты оқу және жазу» тақырыбында қонақ дәріс өтті

Жаналықтар

Қонақ дәріс өтті!

2026 жылғы 18 наурыз күні «Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжінде» студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Сауатты оқу және жазу» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясының» тәжірибелі педагогтері  Бейсенбаева Гулим Галибековна  мен Бектурова Венера Калдыбаевна  өткізді.

Кездесу барысында студенттер бастауыш білім берудің заманауи әдістемелерімен танысып, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдері туралы құнды ақпарат алды. Сонымен қатар, педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру процесін ұйымдастырудың маңызды қырларын түсіндірді.

Мұндай тәжірибелік кездесулер студенттердің кәсіби дамуына үлкен серпін береді.

Спикерлерімізге алғыс білдіреміз!