WorldSkills Astana 2026 чемпионатының жабылу салтанаты өтті

Жаналықтар

WorldSkills Astana 2026 чемпионатының жабылу салтанатында колледжіміздің студенттері жоғары нәтижелер көрсетіп, түрлі құзыреттіліктер бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Сапарова Анель - «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша І орын.

Шанжархан Айдана - «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша ІІ орын. 

Джусупбеков Жанболат - «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша ІІ орын.

Кенес Аида - «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша ІІІ орын.

Избастенов Арсен Қалелұлы - «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігі бойынша ІІІ орын.

Бектемирова Аяна Наукановна - «Мобилография» құзыреттілігі бойынша медальон иегері.

Хамзина Айша Жаңабайқызы – «Видеомонтаж» құзыреттілігі бойынша медальон иегері.

Есенбай Ақниет Нышаналықызы, Оразбай Сымбат Аманқызы - «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша медальон иегерлері.

Колледжіміздің барлық қатысушылары мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен жеңіске деген ұмтылыстарыңыз – оқу орнымыздың мақтанышы. Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!