Астанада биыл дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шара 14 ақпанда Есіл өзенінің жағалауындағы Орталық саябақтағы Кенесары хан ескерткішінің маңында өтті.
Бағдарлама аясында спорттың 13 түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: шаңғы жарысы, гір спорты, қол күресі, пимамен хоккей, белбеу күресі, мотокросс, автоспорт, арқан тарту, қысқы шағын футбол, қар лақтыру сайысы, қысқы волейбол, мас-рестлинг және көңілді тюбинг жарыстары.
Соның ішінде қысқы шағын футбол сайысына қатысқан колледжіміздің студенттері жетекшісі Шевцов Владимир Викторович пен команда капитаны – үшінші курс УНОк-23-11 тобының студенті Оразгали Ансар бастап, 1 орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Студенттерімізді алдағы уақытта да тек биіктен көрейік! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
