Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжінде «Адал азамат – бір тұтас» бағдарламасы аясында оқытушыларға арналған арнайы оқыту курсы өткізілді.

Жаналықтар

Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжінде «Адал азамат – бір тұтас» бағдарламасы аясында оқытушыларға арналған арнайы оқыту курсы өткізілді.

Курстың негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде адалдық, әділдік және ашықтық құндылықтарын қалыптастыру, сонымен қатар ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыру. 📚

Оқыту барысында қатысушылар адалдық мәдениетін қалыптастырудың заманауи әдістерімен танысып, студенттерге өнеге болатын жаңа тәсілдерді меңгерді.

Бұл бастама тек ұстаздар қауымының кәсіби дамуына ықпал етіп қана қоймай, жас ұрпақты парасатты, жауапкершілікті әрі адал азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. 🌿

Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжі осындай игі бастамалар арқылы жастардың жарқын болашағына қызмет етуді жалғастырады.