Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Daryn Ustaz» орталығы және «AMANAT» партиясы бірлесіп ұйымдастырған «Ustazga AI» жобасы аясында өткен «Мұғалім AMANAT» республикалық конкурсына колледж оқытушысы Самалбекова Альфинура Рүстемқызы қатысып, кәсіби шеберлігі мен инновациялық тәжірибесін жоғары деңгейде таныстырды.
Байқау педагогтердің заманауи білім беру технологияларын, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану тәжірибесін насихаттауға және үздік педагогикалық тәжірибелерді кеңінен таратуға бағытталған.
Самалбекова Альфинура Рүстемқызын республикалық деңгейдегі байқауға қатысуымен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

