2026 жылғы 18 маусымда колледжде «Жас педагог мектебі» әдістемелік бірлестігінің 2025-2026 оқу жылын қорытындылауға арналған отырысы өтті.
Отырыс барысында жас педагогтер оқу жылы ішінде атқарған жұмыстары бойынша есептерін ұсынып, кәсіби қызметінде қол жеткізген нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, әдістемелік қолдау көрсету бағытында атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, келесі оқу жылына арналған басым міндеттер айқындалды.
Қорытынды кездесу жас мамандардың тәжірибе алмасуына, кәсіби өсуіне және болашақтағы даму бағыттарын айқындауына мүмкіндік берді.
Жас педагогтерге шығармашылық ізденіс, кәсіби жетістіктер, толағай табыс және жаңа оқу жылында жоғары нәтижелер тілейміз!




