«Өз құқықтарыңызды біліңіз» атты интерактивті сабақ 23-03 тобында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге бағыт беру.
Сабақ барысында студенттер:
Қазақстан Республикасының негізгі заңдарымен танысты;
Өмірлік жағдайлар арқылы құқықтық мәселелерді талқылады;
Топтық жұмыстарға қатысып, өз ойларын еркін жеткізді;
Белсенділік танытып, сұрақтарына нақты жауап алды.
Интерактивті формат студенттердің қызығушылығын арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
Топ кураторы:
Ибраева Салтанат Оразбековна

