Астана қаласында «Педагогикалық пульс: жас педагог дауысы» атты жас педагогтердің II республикалық форумы өз жұмысын бастады.
Еліміздің әр өңірінен келген 200-ге жуық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жас ұстаздары екі күн бойы өзекті кейстерді талқылап, шеберлік сағаттарына қатысуда.
Форумға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ТжКБ департаментінің директоры Ақзира Қасымова, «Talap» КЕАҚ Президенті Санжар Тәтібеков, «Talap» КЕАҚ президентінің кеңесшісі Асима Бимендина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, мемлекеттік органдар мен жетекші ұйымдардың, IT-саласының өкілдері және қатысты.
Форумның басты тақырыбы – «AI–ПЕДАГОГ 2026: білім беруде жасанды интеллекті интеграциялау». Қатысушылар цифрлық педагогика, AI құралдары және заманауи білім беру трендтері бойынша тәжірибе алмасуда.
Алғашқы күні педагогтерге жасанды интеллектің практикалық мүмкіндіктері таныстырылып, жас мамандар авторлық жобаларын ұсынып, AI қолданылған сабақ үлгілерін көрсетті.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай алаңдар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік ашады.
