«Менің мамандығым – педагог» кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы

Новости

«Менің мамандығым – педагог» кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы

Колледжде педагогикалық мамандықтар бойынша дәстүрлі «Менің мамандығым – педагог» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын нығайту.

Биылғы байқауға колледж студенттері жетекшілерімен бірге қатысып, үш негізгі номинация бойынша өз білімдері мен шеберліктерін паш етті:

• «Бейнесабақ»

• «Педагогикалық идея»

• «Шеберлік сабағы / Сыныптан тыс іс-шара»

Әр номинацияда қатысушылардың жұмыстары кәсіби мазмұны, жаңашылдығы, педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануы бойынша бағаланды. Қазылар алқасының шешімімен барлық номинациялар бойынша 1, 2, 3 орын иегерлері анықталды.

Байқау қатысушылардың педагогикалық қабілетін жетілдіруге, шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға бағытталған маңызды алаңға айналды. Осындай іс-шаралар болашақ мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы оқу-тәжірибелік қызметтерінде толағай табыстар тілейміз!