Колледж студентінің бастамасы – қоғамға үлгі!
Кәсіптік және техникалық білім беру орындарының арасында өткен “Есірткесіз елорда” атты қалалық байқауда ағылшын бөлімінде дәріс алушы 1 курс УИЯк 25-03 тобының студенті Асқар Нұрай қатысып, есірткіге тәуелділіктің алдын алуға бағытталған авторлық жобасын ұсынды.
Жоба аясында:
қарттар үйіне барып, мейірімділік пен рухани қолдаудың маңызы туралы іс-шара ұсынды;
тәуелділіктен арылып, өмірін қайта бастаған блогерлермен мотивациялық подкасттар жасау идеясын көтерді.
Байқау қорытындысы бойынша, Нұрай алғыс хатпен және арнайы сыйлықпен марапатталды.
Бұл жоба — жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, салауатты өмір салтын насихаттаудағы нақты қадамын көрсетеді. Осындай игі бастамалар жалындаған жастар мен қоғам үшін аса маңызды!
Жетекшілік жасаған оқытушы Айтжамал Қайруллиновна қоғамдағы осындай дертпен жастардың өздерінің күресуі және көзқарастары оң болуы жақсы бастама екендігін жеткізді.

