ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ТОП-100 СТУДЕНТІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

Методическая работа

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауының облыстық 

кезеңі қорытындыланды. Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық кезеңде қаламыздың намысын қорғау құқығына ие болған үздік қатысушылардың  қатарында  Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжінің студенті  Ысқақ Ақниет Өміртайқызын жеңімпаз атануымен құттықтаймыз!

Бұл байқау — оқуда озық, кәсіби шеберлігі жоғары, қоғамдық жұмыста белсенді әрі нағыз көшбасшы жастарды анықтайтын дода. Республикалық шешуші кезеңде де Ақниетке жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!

Жетекшісі: Аханова Айтжамал Қайроллақызы.