Құттықтаймыз!
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Daryn Ustaz» орталығы және «AMANAT» партиясы бірлесіп ұйымдастырған «Ustazga AI» жобасы аясында өткен «Мұғалім AMANAT» республикалық конкурсына колледж оқытушысы Самалбекова Альфинура Рүстемқызы қатысып, кәсіби шеберлігі мен инновациялық тәжірибесін танытты.
Байқау педагогтердің заманауи білім беру технологияларын, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану тәжірибесін насихаттауға бағытталған.
Самалбекова Альфинура Рүстемқызына шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби дамуына сәттілік тілейміз!

