ЕҰУ-нің 30 жылдығына орай 27.01.2026 ж. арнайы пән оқытушысы Архабаева С.П. және “Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі” мамандығының 3-курс студенті Құрал Жасмина Бахтиярқызы Астана қаласы ЖОО мен колледждеріне арналған ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттерді сүйемелдеудің «1+2» моделі бойынша оқыту семинарына қатысты.
Семинар барысында инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған жоба аясында тәжірибе алмасу, жаңа әдістер мен тиімді практикалар талқыланды. Бұл жоба студенттерді қолдаудың заманауи үлгілерін енгізуге мүмкіндік береді.

