Мағжан Жұмабаев халықаралық жоғары колледжінде 2026 жыл 20 қаңтар күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Заң және тәртіп” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді, қатысушылар заңға, тәртіпке қатысты өз ұстанымдарын ортаға салып, құнды ақпараттарды тыңдады. Бұл іс-шара әр азаматтың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы тәртіптің маңызын терең түсінуге бағытталған. “Тәртіпке бас иген құл болмайды” – деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, заң және тәртіп – басты құндылық, заңға құрмет – саналы ұрпақтың таңдауы.

